СӘНИЯ АСКЕР АСТАНАДАН АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Авторы: Зарап Құсайынов

Бүгін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Сәния Әскер мен чемпионның жаттықтырушысы Ағжан Сұрағанов туған жеріне оралып, Петропавл вокзалында жерлестері оларды қарсы алды.

Астана қаласында жалауын түсіретін бұл додалы жарыста Қазақстанның ұлттық құрама командасының қоржынына алтын медаль салғандардың қатарында солтүстікқазақстандық спортшы Сәния Әскер де болды.

Асық атудан ақтық сайыста біздің қыздар ресейлік қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Оның алдындағы кездесулерде де Қырғызстан, Венгрия, Швеция және Румыния командаларын осындай есеппен тізе бүктірген болатын.

Еліміздің ұлттық құрама командасының сапында жақсы өнер көрсеткен жерлесіміз Сәния Әскер бес асықтан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Евразия кубогының чемпионы. Оның жеке тәлімгері  Ағжан Сұрағанов Сәнияны үш жылдан бері жаттықтырып жүр.

Шал ақын ауданындағы Алқағаш ауылының тумасы Сәния Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тіл және әдебиет институтының студенті. Қазір ол қазақ филология факультетінің төртінші курсында оқиды. Ол бес асық спортымен мектеп қабырғасынан бастап айналысады.

img 7568 img 7645

img 7684

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz