Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Қазіргі таңда сәбилер дәрігерлердің жіті бақылауында.
– Әйелдің негізгі міндеті ана атану ғой. Мен бұл бақытты сәтті ұзақ күттім. Аяғым ауыр екенін білген күннен бастап ерекше күтінуге, дұрыс тамақтануға, дәрігерлерге дер кезінде қаралуға ден қойдым. Мамандар үшем екенін айтқанда қатты таңғалдым, – дейді Елизавета, Ангелина, Маргарита есімді қыздардың анасы Юлия Ильяшенко.
«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында экстракорпоральды ұрықтандыру жолымен дүниеге сәби әкелген ананың қуанышында шек жоқ. Қазіргі таңда келіншек пен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы.
– Нәрестелердің денсаулығына алаңдауға негіз жоқ. Күн сайын салмақ қосуда. Ота жеңіл өтті. Нәрестелер жүктіліктің 35-ші аптасында дүниеге келді. Олардың жақындарымен қауышатын сәті алыс емес, – дейді облыстық перинаталдық орталықтың бөлімше меңгерушісі Сәуле Мұстафина.
Ермек ЖҰМА,
«Soltüstık Qazaqstan».
Суретті түсірген
Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.
ӨМІРГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ ІҢГӘЛАҒАН!
176
алдыңғы жаңалық