Петропавл мен Өскемен қаласында есірткі заттарын сатты деген күдікпен 5 адам ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
2022 жылғы 14 ақпанда ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Петропавл және Өскемен қалаларында интернет арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады.
Олардан 2 келіден астам мефедрон, «α-PVP» психотроптық заттары және 600 гр «Спайс» шегу қоспасы тәркіленді.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне енгізілді.