Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК филиалы жыл басынан бері автомобиль жолдарындағы инспекциялық жұмыстардың қорытындысын шығарды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жол активтері сапасы орталығы» РМК филиалы өңірдегі автомобиль жолдарының сапасын бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Мамандар 626 инспекциялық тексеріс жүргізіп, 270 ақау мен бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 145 бұзушылық жедел түрде жойылды, ал 125 — түзету кезеңінде тұр.
Жол-құрылыс материалдарының сапасын зерттеуге ерекше назар аударылды: филиал 1839 сынама алды, оның 518-і (жалпы санының 28%-ы) нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Негізгі сәйкессіздіктер келесі көрсеткіштер бойынша анықталды: суға қанығу, тығыздалу коэффициенті, дәндердің құрамы және қысу беріктігі.