Шығыны табысынан көп шенеунік жасасыз қалмайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығындарының айырмашылығы бақылауға алынады. Парламент Мәжілісінде ресми табысы мен шығынында айырмашылық бар шенеуніктерге шара қолдану туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Егер мемлекеттік қызметтегі адам мен мен оның жұбайының шығындары ресми түрде көрсетілген табысынан асып түсетін болса, қызметкер ірі көлемде айыппұл төлейтін болады. Нақты айтсақ, шығын мен табыс айырмашылығы 1000 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 3 миллион теңгеден асса, мемлекеттік қызметкер айырмашылықтың 90 пайызына тең болатын мөлшердегі қаржыдан қағылады. Бірақ оларға шығынның заңды екенін дәлелдеуге мүмкіндік беріледі. Ал шығын мен кіріс арасындағы табыс мемлекеттік қызметкердің жылдық табысынан асып кетсе, ол қызметінен қуылады.

Заң жобасын 2027 жылы қабылдау жоспарланып отыр, бірақ, 2026 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің кірісі мен шығынының айырмашылығы тексеріле бастайды.

Бұдан бөлек, Заң жобасы жемқорлық туралы ақпарат берген адамды қудалаудан қорғауға мүмкіндік береді. Оларды тәртіптік жауапқа тартуға, басқа қызметке ауыстыруға немесе жұмыстан босатуға болмайды. Коррупцияға қарсы ақпарат берген адам жайлы құпияны ашқан қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық топ құрып жасаған не аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу және алаяқтық жасаған фактілері анықталса сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жатқызылады. Сотталған шенеуніктер өмір бойы мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылады, сонымен қатар олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz