Солтүстікқазақстандық дәрігерлер алғаш рет жүрек қақпақшасын импланттады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы кардиологиялық орталық мамандары жүрек қақпақшасын импланттаудың жаңа тәсілін меңгерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Швейцарияда өндірілетін клапандар қара малдың жүрек қабынан жасалған. Бұған дейін мамандар синтетикалық материалдан дайындалған қақпақшаларды қолданған болатын. Бүгін жаңа әдіспен 3 ота жасалады. Алғашқысы сәтті аяқталды.

— Бірінші операция Ғ.Мүсірепов ауданының 72 жастағы тұрғынына жасалды. Пациенттің қан тамырларына осыған дейін стент қойылып келген. Жалпы, өңірде мұндай сырқаттар көп. Ал жүрек қақпашасы жанындағы уақыт өте келе тарылған аорта тесігін үлкейтуге дәрігерлер бұған дейін батпаған. Енді оған кішкентай тілік арқылы заманауи имплант қойылады. Қара малдың жүрек қабынан жасалған биопротезді қою кезінде тамыр жабылмай, қан жүре береді. Сондықтан біз отаны асықпай, сапалы жасай аламыз. Әрі адам ағзасы оны тезірек қабылдап, тез жазылады — дейді Солтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталықтың блок меңгерушісі Мақсат Құдраттулаев.

whatsapp image 2022 02 16 at 17.22.22
Жүрекке жасалатын ота 6,5 млн теңге тұрады. Бірақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жасалуда. Жалпы ота 40 минутқа созылады.
Алғашқысы шеберлік сағаты болғандықтан шамамен 1,5 сағатқа созылды.

-Дәрігерлерге алғысым шексіз. Өмірімді құтқарып қалды. Ота кезінде есімді біліп жаттым, бәрі жақсы болды,-дейді Нафиса Уразбахтина.

whatsapp image 2022 02 16 at 17.22.20 whatsapp image 2022 02 16 at 17.22.21
Солтүстікқазақстандық дәрігерлер осы тәсілмен жылына кемінде 30-40 ота жасауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz