«Sensitive» — «Жан шуақ» сыйлығының иегері

Авторы: Qyzyljar News

           Астана қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен XVIІ «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық қызметте ерекше нәтижелерге қол жеткізген мүгедектігі бар адамдарға беріледі. Аталмыш іс-шарада петропавлдық «Sensitive» есту қабілеті бұзылған бишілер театрының шығармашылық ұжымы «Мәдениет саласындағы үздік жетістіктері үшін» сыйлығының иегері атанды. 

Өнер ансамблі  18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында олар тек Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал ұжымға айналды. Биыл Франциядағы халықаралық фестивальде «Sensitive» Канн шығармашылық өнер фестивалінің үздік хореографиялық ұжымы ретінде танылды. Әр лауреат 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ерекше қажеттілігі бар азаматтардың тұрмысын жақсарту мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті.

            – Қоғамның жетілу деңгейі, адами, азаматтық жауапкершілігі оның ерекше қажеттілігі бар адамдарға деген көзқарасымен өлшенеді. Елімізде бұл көзқарас оң бағытқа қарай өзгеруде. Осы өзгерістердің өзегінде ел Президентінің әлеуметтік тұрғыда Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саясаты жатыр. Біз ұзақ уақыт бойы мүгедектігі бар адамдар тек қорғау мен көмекті қажет етеді деген таптаурын қағидамен өмір сүрдік. Дәл қазір бұл стереотиптердің мәні жойылуда, – деді ол.

Қазақстан мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова «Жан шуақ» сыйлығын тапсыру рәсімі 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын және осы жылдар ішінде 90-ға жуық адам марапатталғанын атап өтті. Биыл ашық дауыс беру нәтижесінде ұйымдастыру комиссиясының шешімімен 8 лауреат анықталған.

Рабиға ЕРАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz