ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ — АНА

Авторы: Qyzyljar News

            Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы  аналар кеңесінің кезекті отырысында  отбасыларды қолдау мен дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу институтын нығайтуға байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

Отырысты  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов ашты. Ол аналар кеңесінің әлеуметтік келісімді нығайтудағы және отбасыларды қолдаудағы маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында бірқатар қыз-келіншек  ұлтаралық келісімді, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға  қосқан үлесі үшін марапатталды. Аналар кеңесі  бірлестік жұмысын тиімді, белсенді, нәтижелі жүргізіп отырған жандардың ең таңдаулысына  «Ел анасы» атағын беруді жылдағы дәстүрге айналдырған. Биыл бұл марапатқа аналар кеңесінің құрметті мүшесі, еңбек ардагері  Қымбат Исманова  лайық деп танылды.  Аудандардағы ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердегі аналар кеңесінің белсенді  мүшелері мәдениетті қоғам құру ісіне қосқан  үлестері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Кеңес төрайымы Жұлдыз Саттарова «Салауатты сана» жобасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар жайлы сөз қозғап,  бірлестік жұмысының жастар арасындағы нашақорлық пен лудоманияның алдын алу  мәселелерін қамтитын бес бағыты туралы айтып берді. Шал ақын ауданынан келген  қыз-келіншектер өздерінің жұмыс істеу  тәжірибелерімен  бөлісіп,  жиналғандарды  қолөнер бұйымдары көрмесімен таныстырды.

 

Рабиға ЕРАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz