Фермерлерден бір миллион тонна астық тікелей сатып алынады

Авторы: Qyzyljar News

          Еліміздегі фермерлерден 1 млн. тонна астықты тікелей сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлім етті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ түрлі сападағы астықты бірінші кезекте шағын шаруашылықтардан сатып алуды бастайды. Сатып алынатын баға бекітілді.

-Бастапқыда осы жылы фермерлерден 150 мың тоннаны сатып алу ескерілген. Қалғанын келер жылы қаңтардан бастап алынады. Жалпы Үкімет жағынан болатын қаржылық қолдаудың арқасында 1 млн. тоннаға жеткізбекпіз… Жалпы, қаражат мәселесін шешіп алу керек. Қаржыландырудың екі жолы бар — бюджетті нақтылау кезінде алу, сондай-ақ Үкімет резервінен қарастыру. Бұл ретте аталған көлемді (1 млн. тонна) қамту жоспары бар. Астықты сатып алумен қатар, оны экспорттауға қолдау жасаймыз, — деді Азат  Сұлтанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, ол 2025 жылы экспортқа 12 млн. тоннаны шығару жоспарланып отырғанын сөз етті. Атап айтқанда, Қазақстан астығы Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға экспортталады. Бұған дейін Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 150 мың тонна астық сатып алу қарастырылып отырғаны хабарланған еді.  Яғни, бөлінген 10 млрд. теңге бірінші кезекте шағын қожалықтардан астық сатып алуға бағытталады. Еске салсақ, жақында Президент Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz