Солтүстік Қазақстан облысының орталығында 480 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл ел бойынша аймақта салынып жатқан халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы медициналық мекеме, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Петропавлдағы медициналық инфрақұрылым ескірген. Әрі жаңа заман талабына сай келетін аурухана салу идеясы мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты.
-Заманауи стандартарға сай аурухананың болмауы тұрғындардың басқа өңірлерге, басқа мемлекеттерге барып ем іздеуіне әсер етті. Ал бұл емдеу мекемесі барлық халықаралық стандартарға сай келеді. Биыл жылдың соңында, немесе келесі жылдың басында ашуды жоспарлап отырмыз, деді Құмар Ақсақалов.