Қызылжар ауданында сегіз медициналық нысан салынды

Авторы: Qyzyljar News
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Кызылжар ауданында болды.

-Жыл аяқталып келеді, қазір жылдың қорытындысын шығаратын уақыт. Биыл Кызылжар ауданы ауылдарының тасқыннан соң инфрақұрылымын қалпына келтіруге ерекше назар аударылды. Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы бөгеттер нығайтылды, — деп атап өтті өңір басшысы.

Қиын жағдайға қарамастан,  ауданда маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асты. Налобино, Вагулино және Белое ауылдарындағы ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті. Бескөлде бес қабатты үй мен хоккей кортына арналған металл шатыр салынуда. Облыста салынған 38 медициналық нысанның сегізі Кызылжар ауданының ауылдарында орналасқан.

Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды аралады. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында жаңғыртылған №2 Бескөл орта мектебі мен жөндеуден өткен «Балапан» балабақшасына барды.
Облыс әкімі Байтерек ауылындағы әлеуметтік осал топтарға арналған үйлерді қарап шығып, Новокаменка ауылындағы электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. СҚО әкімі «Радуга», «Молсервис», «ЕР-Агро», «Молодое Агро» және «Елім Кызылжар» кәсіпорындарының жұмысымен танысып, аудан диқандарымен кездесті.
Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Боголюбово ауылындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен өңірдің даму перспективаларын талқылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz