Бұл жайында облыстық кәсіпкерлік палатасындағы жиында өңірдегі құрылыс компаниясы басшыларымен кездескен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеев мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оның айтуынша қаланы дамытудың бас жоспары жасалған. Соның ішінде «Жұмысшы кентіне» басымдық беріліп отыр.
-Бұл қала орталығына жақын аудан, әрі шаһардың оңтүстік қақпасы. Бас жоспарға сәйкес 2035 жылға дейін ескі үйлер жүйелі түрде сүріледі. Тозығы жеткен үйлердің орнына көпқабатты ғимараттар салынады, -деді Қайролла Ғалеев.