Облыста биылғы эпидемиологиялық маусымда А типті тұмау жиі тіркелуде. Былтыр өңірде бірде бір адам бұл дертке шалдықпаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, биылдыққа 25 237 адам жедел респираторлық вирус инфекциясын жұқтырған. Соңғы аптада 686 оқиға тіркеліп, 6 науқас ауруханаға жатқызылды.
— Барлық науқастардың 45 пайызы 14 жасқа толмаған балалар, яғни бір аптада 307 –сі ауырған. 1 5-29 жас аралығындағылар -123, 30 бен 64 жас арасындағылардың 151-і, және 65-тен асқандар арасында 105 адам вирус жұқтырған, дейді департаменттің баспасөз қызметі.