Солтүстік Қазақстанға Ресейден газ тарту мәселесі биыл көктемде шешілуі мүмкін

Авторы: Qyzyljar News
  • Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ресейден газ тарту үшін шекаралас облыстардың қажеттіліктерін зерттеуде. Бұл жайында вице-министр Жандос Нұрмағанбетов Сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жандос Нұрмағанбетовтың айтуынша, «Энергетика» министрлігі «Газпроммен» келіссөздер жүргізіп жатыр. Тиісінше ресейлік кәсіпорын Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне қанша газ керек екені туралы нақты ақпарат беруді сұрады.

-Қазір әкімдіктер әр өңірге қанша газ қажеттігі бойынша өтінімді қалыптастырып жатыр. Олар қандай кәсіпорындарды, жеке сектордың қанша бөлігін газға қосуға болатыны туралы жоспар жасауда. Сонымен қатар, қандай кәсіпорындар газға көшуге дайын екені анықталып жатыр. Қазақстандық кәсіпорындар үшін электрқуатын өндірісте пайдалану әлдеқайда арзан. Оның үстіне Ресейдегі газдың бағасында да айырмашылық бар. Бұл жұмыстар жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы керек. Содан кейін министрлік қанша газ керек, оны қалай жеткізуге болады, бұл жоба қанша мерзімде іске асады деген сұрақтарға жауап бере алады, — деді Жандос Нұрмағанбетов.

whatsapp image 2022 02 18 at 12.20.44
Вице-министр «Газпром» көршілес Ресейдегі газ тасымалдау және жеткізу бойынша оператор болып табылатынын айтты.

-Сұйытылған газды жеке компаниялар да тасымалдайды. Ал құбыр арқылы келетін газға тікелей «Гапром» жауапты, -деді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz