Кешенді жұмыстарды көздейтін жоба

Авторы: Qyzyljar News

Біріккен Ұлттыр Ұйымының даму бағдарламасы әлем елдерінің тұрақты өркендеп, жаһандық мәселелерін шешуге бағытталған. Бағдарлама өкілдері 50 жыл ішінде 170 елде түрлі жобаларды жүзеге асырды. Ал Қазақстандағы даму бағдарламасы теңсіздікпен күрес, мемлекеттік интитуттардың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, экономиканы әртараптандыру және климаттық өзгерулер мен табиғи апаттардың алдын алу сияқты бағыттарды қамтиды. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін ұйым өкілдері ел Үкіметімен ынтымақтастық орнатқан. Соның аясында Қызылжарда да аймақты дамытуға арналған бірнеше қанатқақты жоба жүзеге аспақ. Аталған жобалардың жай жапсары өңірге келген даму бағдарламасының елдегі тұрақты өкілі Вавьерниа Катаржина мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткен кездесуде талқыланды.
Даму жобасын жүзеге асыру үшін ұйым өкілдері Қазақстанның бірнеше өңірін қарастырған. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысына тоқталыпты. Жоба құны – 2 млн. доллар. Бүгінге дейін БҰҰ-ның даму бағдарламасы жасыл технологияларды енгізу үшін 10-нан астам шағын және орта бизнес жобаларына қолдау көрсетті. Ұйым өкілдері аз қаражатпен барынша көп инвестиция тартуды көздейді. Бүгінге дейін 1 млн. доллар қаржыға 3 млн. доллар жеке инвестиция тартылған.
Кездесуде Катаржина Вавьерниа тұрақты экономикалық дамуды интеграциялауға бағытталған бірлескен жобаны іске қосуды ұсынды. Бұл жоба аумақтарды дамытуға арналған бес жылдық бағдарламаны әзірлеуді қамтиды. Онда ландшафттық жоспарлау, климаттың өзгеруіне бейімделу, ауыл шаруашылығын дамыту, жасыл өндірісті және сауда тізбектерін қалыптастыру, биоәртүрлілікті сақтау және климаттық саясатты өңірлік жоспарлауға енгізу сияқты мәселелер қамтылған.
-Жоба биосфера, әлеуметтік белсенділік және мемлекеттік басқару салаларындағы кешенді жұмыстарды жүзеге асырады. Біз жергілікті басқаруды ғылыми жүйелеген негізде жүзеге асыруды ұсынамыз. Алға қойған мақсаттарға жету үшін қажетті практикалық құралдар бар. Егер жергілікті билік қолдау көрсетсе бұл біздің елдегі жұмысымыздың ең үлгілі жобаларының бірі болад деп ойлаймыз, — деді БҰҰ-ның даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Вавьерниа Катаржина.
Өңір басшысы мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен істі жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты. Қанатқақты жоба аясындағы жұмыстарға жетекшілік жасау облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановқа жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz