Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыстық полиция департаменті аппаратынан бөлек, Қызылжар аудандық полиция бөлімінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті.
Ол қала маңындағы халық тығыз қоныстанған ауданда полицияның техникалық жарақтандырылуын нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, сондай-ақ қызметкерлерді Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында берілген тапсырмаларды орындауға бағыттады.
Бауыржан Әленов 2025 жыл Ішкі істер министрлігімен алдын алу жылы деп жарияланғанын атап өтті. Осы бағыт шеңберінде адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында алдын алу шараларын күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыруды жалғастыру жоспарлануда.