537
Құтқарушылар жақын күндері ауа-райы күрт өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сай, ертең ақпанның 18-інде облыстың шығыс бөлігінде сырғыма жүреді. Ал оңтүстік-батысында тұман түседі. Шығыс және оңтүстік аймақтарда түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың барлық аймағында, соның ішінде Петропавлда да жел күшейе түседі.