ӨРТТІҢ ШЫҒУЫ ЖИІЛЕДІ

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері  облыс аумағында 54 өрт орын алды. Олардың 15-і  Петропавл қаласында болды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық.

Өткен аптада өңірде 38 оқиға орын алды. Соның ішінде 11 өрт, 1 газ баллонының жарылысы, 5 авариялық-құтқару жұмыстары. 3 адам ауруханаға жатқызылды. «Өрттің туындауының негізгі себептері: электр сымдарының қысқа тұйықталуы, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, отты абайсызда пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ережелердің сақталмауы болып табылады», – деп хабарлады  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Өрт тұрғындардың құрылыс конструкцияларына күлді тым жақын алып кетуінен болған фактілер болды. Жылыту маусымы қызу жүріп жатыр, демек төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоғары. Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Олар қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аудара отырып, жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz