Жаңа салтанатты тіркеу залы

Авторы: Qyzyljar News

       Петропавл қаласында жаңа салтанатты тіркеу залы ашылды, ол ең маңызды және мәнді оқиғаларды өткізуге арналған тамаша орын болады. Мұнда неке қию, мерейтой иесіне құрмет көрсету рәсімдерін, отбасылық өмірдегі ұмытылмас күндерді, баланың тууын және басқа да салтанатты сәттерді ұйымдастыра аласыз. Әр оқиға АХАТ қызметкерлерінің сүйемелдеуімен өтеді.

Салтанат залы Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157  (№1 ХҚКО ғимараты) мекенжайында орналасқан. Жайлы және әдемі безендірілген орында әр сәт ерекше мәнге ие болады.

-Біз солтүстікқазақстандықтарға, әсіресе жас жұбайларға, осы маңызды күннің салтанатты көңіл-күйіне тамаша сәйкес келетін әдемі және жайлы залда неке қию мүмкіндігін ұсынуға қуаныштымыз. Залдың безендірілуі мен атмосферасы біздің азаматтарымыздың өміріндегі осындай маңызды оқиғаларды одан да мағыналы және есте қаларлық етеді. Сондай – ақ, бұл зал көптеген жылдар бойы бақытты некеде және осы маңызды сәттерде салтанаттылықты одан сайын арттыра отырып, өздерінің неке қиылған мерейтойлық күндерін атап өткісі келетін  ерлі-зайыптылар үшін ашық, деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Арман Жамуков.

Қазақстанда азаматтарға ыңғайлы болу үшін некені тіркеуге өтініш берудің бірнеше нұсқалары қарастырылғанын естеріңізге сала кетейік: АХАТ, электрондық үкімет порталы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы. Өтінішті қарау мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды. 2024 жылы  облысымызда 2975 неке қиылғанын, 4507 туу туралы куәлік берілді.

 

Анар ҚҰСАНОВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік

Қазақстан облысы бойынша PR менеджері.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz