Ұялы байланыс операторы жауапқа тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Қызылжар өңірінде ұялы байланыс операторы алаяқтарға көмек көрсеткен. Оның әрекетсіздігі жәбірленушінің ақшасын ұрлауға көмектескен. Алаяқтар көбіне тіркелмеген абоненттік нөмірден қоңырау шалып, арам ойларын жүзеге асырады. Олар қашықтан жұмыс істейді. Бұл Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының талаптарына қарама- қайшы келеді.

«Қылмыстық істі тергеу барысында алаяқтар Қазақстанның нөмірлеу жүйесі мен тәртібіне сәйкес тіркелмеген абоненттік нөмір арқылы жәбірленушімен байланысқа шыққан. Абоненттік нөмір ұялы байланыс құрылғыларының идентификациялық кодтарының дерекқорына енгізілмегені де анықталды. Нөмірдің тіркелмегендігі ұялы байланыс операторының сұрауына берілген жауабы және дерекқордан алынған мәліметтермен расталады»,-делінген  облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Ұялы байланыс операторының әрекетсіздігінен жәбірленушінің ақшасы ұрланған. Облыс прокуратурасы аталмыш маманға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды және жауапкершілікке тартылды.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz