Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, бағалар биылғы ақпанда өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына — 7%, азық-түлік емес тауарларға — 11, ақылы қызметтерге 14% өсті.
Осы аралықта күнбағыс майына баға 20,5%, сиыр етіне — 19, кондитер өнімдеріне — 14,5, тұздалмаған сары майға — 14, балық және теңіз өнімдеріне — 12, нанға — 10,5, алкогольсіз сусындарға — 10, құс етіне — 9, алкогольдік ішімдіктерге — 9, шұжықтарға — 4, қантқа 3% көтерілген. Жас көкөністер бағасы 18% өсті, соның ішінде картоп — 54%, пияз — 38, қырыққабат — 32, қияр — 22, қызанақ — 13, қызылша 4% қымбаттаған. Ал сәбіз, керісінше, 8% арзандап отыр.
Бағалар аудио-көзбен шолу жабдықтары мен фотоаппаратураға, ақпаратты өңдеуге арналған жабдыққа — 44%, киім және аяқ киімге — 10,5, жеке бас тұтынуына арналған тауарлар мен приборларға — 9, жуу және тазалау құралдарына — 6,5, тұрмыстық приборларға 1% өсті. Баллондағы сұйытылған газ да қымбаттап, бір жыл ішінде 26%, тас көмірге — 15,5, бензинге 2% өзгерді.
Коммуналдық қызметтердің тарифінде де өзгеріс бар. Ыстық суға — 83%, сумен жабдықтауға — 63, орталықтан жылытуға 42% баға көтерілді. Амбулаторлық қызметтер — 13%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері — 13, шаштараз және әсемдік салондары қызметтері 20% қымбаттады. Көлік қызметтерінің құны 10% көтерілді, соның ішінде теміржол жолаушылар көлігінің құны — 20%, автомобиль жолаушылар көлігінің құны — 4% өсті.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.