Прокурорлар өңірдің кәсіпкерлері үшін сумен жабдықтау тарифтерін төмендетті

Авторы: Qyzyljar News

Облыс прокуратурасы талдау аясында табиғи монополиялар туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады. Мәселен, Айыртау, Қызылжар, М. Жұмабаев, Мамлют, Тайынша аудандарының табиғи монополиялар субъектілері тарифтерді қалыптастыру қағидаларының талаптарына қайшы, кәсіпкерлерден олардың тұтынушылардың екінші тобына (заңды тұлғалар) жатқызылғанына қарамастан, 2019 жылдан бастап бюджеттік ұйымдар ретінде тұтынылған сумен жабдықтау үшін негізсіз ақы алған. « Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды, сумен жабдықтауға арналған тарифтер кәсіпкерлер субъектілері үшін жеке топты енгізу жолымен сәйкес келтірілді. Мысалы, Қызылжар ауданында қабылданған шаралар нәтижесінде бизнес үшін су тарифі 1017,63 теңгеден 343,41 теңгеге немесе 66 пайызға дейін төмендетілді. Сол сияқты келесі аудандарда — Мамлют (787,72 теңгеге немесе 59,7 пайызға), М.Жұмабаев (30 теңгеге немесе 2,7 пайызға), Тайынша (2,48 теңгеге немесе 0,3 пайызға) тарифтер төмендетілді. Жыл басынан бері прокуратура актілері бойынша барлығы 5 мыңнан астам тұтынушының (оның ішінде 357 кәсіпкердің) құқықтары қорғалды»,- дейді облыс прокурорының бірінші орынбасары А.Саттар.

. Қадағалау органы барлық бизнес субъектілеріне құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) арқылы прокуратура қызметкерімен тікелей байланысуға болатындығын ескертеді.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz