МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері қадағалау органы Қылжар өңірінде  жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады. «Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңге болатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz