БЕС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Жерлес  парашаңғышылар Ербол Хамитов пен Александр Герлиц тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Олар әлемдік жарыстарда  ел қоржынына бес медаль салды.

Ербол Хамитов бесінші наурызда Норвегияның Тронхейме қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында спринт бойынша қола медальді жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Стейнхьереде өткен әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты.

28 ақпанда әлемдік кубоктың жекелей сынында 10 шақырымды екінші болып бағындырып, күміс жүлде ұтып алды. Ал бірінші наурызда спринтте қола медаль тағынды. Александр Герлиц бұл сайыстың жекелей сынында күміс жүлдегер атанса, спринтте қола жүлдеге ие болды.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz