КӨКТЕМ АРУЫ АНЫҚТАЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында «Көктем аруы — 2025» байқауы өтті. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы аудан мектептерінің мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға қатысамын деушілердің қатары жыл санап артуда. Бұл жолы да арулар бірнеше тапсырманы орындап, сахнаға қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты.  Байқаудың мақсаты — сұлулықты және саламатты өмір салтын насихаттау, дарынды жастарды анықтап оларға қолдау көрсету, мәдени және шығармашылық қабілеттерін ынталандыру болып табылды.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша  бірінші орын Ғайникамал Аюпқа бұйырды Екінші орыннан Ерке Әбілина көрінсе, үшінші орынға Лаура Өтепбергенова ие болды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Байқауға қатысқан басқа сұлулар да түрлі аталымдармен  және сыйлықтармен марапатталды.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz