Қытай инвесторымен кездесті

Авторы: Qyzyljar News

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайдың «Guangcai» компаниясының президенті Чэнь Цзянтаомен жүздесті. Кездесуде барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, солтүстік өңірдің инвестициялық әлеуетін  таныстырылды.

«Guangcai» компаниясы инфрақұрылым мен өнеркәсіптік нысандар құрылысын жүргізу және жасыл энергетика саласындағы жобаларды іске асырумен айналысады. «Біздің өңіріміз әрқашан шетелдік инвесторларға ашық, болашақта жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға барынша қолдау көрсетеміз», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Айта кету керек, СКО мен ҚХР арасындағы серіктестік табысты дамып келеді. Өңірде қытай капиталының қатысуымен бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жарқын мысал — «Айдзю» компаниясы, ол май экстракциялау зауытын, құрама жем мен макарон өнімдерін өндіретін элеваторлық-жабдықтау кешенін, сондай-ақ май құю үшін орауыштар желісін ашты.

Сонымен қатар, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында Шаньдун провинциясынан келген инвесторлар ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін зауыттың құрылысын жүргізуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz