СУ БІР ТӘУЛІК БЕРІЛМЕЙДІ

Авторы: Qyzyljar News

 Петропавл қаласында  12-13 наурыз аралығында тағы да су беру тоқтатылады. Бұл су берудің үстіміздегі жылы төртінші рет тоқтатылуы. «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  хабарлауынша, су берудің уақытша тоқтатылуына бірінші көтерілімдегі сорғы станциясына екі жаңа су асты сорғыларын орнату себеп болған.

Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында жүргізілуде. Аталған сорғылар су тазарту құрылғыларына су жеткізуге арналған, олар су астында жұмыс істей алады және қашықтан басқару жүйесімен жабдықталған.

Қала тұрғындарына 12 наурыз күні сағат 22:00-ге дейін су жинап алу ұсынылады. Суды қайта қосу 13 наурыз күні сағат 22:00-ге жоспарланған. Су шектеу кезінде әлеуметтік нысандарға су тасымалдау ұйымдастырылады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz