Есіл өзенінде жарылыс жұмыстары басталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында мұз кептелісінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қызылжар ауданына қарасты Қызылжар және Долматово ауылдарының маңындағы Есіл өзенінде 2,5 мың шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстары өткізілді.

Жалпы, осындай шаралар Петропавл қаласы  мен 8 ауданда жоспарланған. Бұл үшін Есіл мен шағын өзендерде 49 учаске белгіленген. Айта кетейік, биыл бұл жұмыстарға бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көбейтілді. Бұл мұз кептелісінің және су тасқыны қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Петропавл қалалық әкімдігі 12 наурыз күні облыс орталығының Ойқала және бау-бақша серіктестіктерінің маңында Есіл өзенінде мұз жару жұмысы жүргізілетінін ескертті. Сондықтан мұндай жұмыс атқарылғанда мұз үстіне шығу қауіпті және жұмыс атқарылып жатқан аумаққа жақындауға тыйым салынады.

Облыстық төтеншпе  жағдайлар

департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz