20 метр биіктен құлаған жігіт аман қалды

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқыс оқиға Петропавлдағы құрылыс объектілерінің бірінде болған. Ер адам 20 метр биіктіктен құлап зардап шеккен. Полиция тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Облыстық  денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасына биіктіктен құлау салдарынан көптеген жарақат алған 29 жастағы ер адам жеткізілген. Жігіт ауыр жарақат алып, жағдайы ауыр болғанымен, кеуде, сол жақ иық, жамбас және екі төменгі аяқтың қатты ауырсынуына шағымданған. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлер ер адамды тексеру барысында оң жағында пневмоторакс, өкпенің соғылуын және иық, бұғана, жамбас және аяқтарының жабық сынығын анықтады. Сондай-ақ сырқатта екінші  дәрежелі травматикалық шок болған.

Мамандардың айтуынша, қазір науқастың жағдайы тұрақтанды. Төрт күннен кейін ол жарақат бөліміне ауыстырылған. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Ақерке   ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz