Биыл 2 мыңнан астам адам көші-қон заңнамасын бұзған

Авторы: Qyzyljar News

Облыста «Мигрант-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау болып табылады. Операцияға көші-қон қызметінің мамандарымен қатар облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылған.

Іс-шара аясында полиция базарлар мен құрылыс нысандарын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, жеке шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер еңбек ететін және уақытша тұратын басқа да орындарды тексереді.

Екі айдың ішінде облыс полицейлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың екі мыңнан астам дерегін анықтады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ең жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі — ел аумағында болу мерзімін бұзу, бұл үшін 200-ге жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар облыстың 77 тұрғыны шетелдік қонақтарды қабылдағаны туралы уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Ал бес жұмыс беруші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жауап берді.

 

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz