Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өті. Жиында құрылыс мәселелерін мониторингтеу нәтижелері, орман пайдалану саласындағы жемқорлық қатерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы сұрақтар қаралды.

Сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы да өтті. Күн тәртібінде облыстағы қылмыстың жай-күйі, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында қабылданып жатқан шаралар, отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылық профилактикасы туралы мәселелер талқыланды. Жиынның қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz