Келесі жылдан бастап IT саласына оқуға түскісі келетін түлектер информатика пәнінен сынақ тапсырады

Авторы: Qyzyljar News

Осы күнге дейін мектеп бітіруші түлектер IT-бағыттарына оқуға түсу үшін ҰБТ-да физикадан тест тапсырып жүрді. Ендігі кезекте бейіндік пәннің орнын информатика баспақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігіне IT-саласы бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейіндік пәндер қатарына «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түскен.
Соған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылында «Информатика пәні мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика» комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады.

Биылғы түлектер бұрынғыдай физика пәнінен тест тапсырады. Дегенмен, талапкерлердің таңдауына қарай наурыздағы ҰБТ кезінде «Математика +Информатика» комбинациясы бойынша сынақ тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz