ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ТАРАТТЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТЫ ҰСТАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласында полицейлер есірткі өткізді деген күдікпен жақын шетелдердің бірінің 24 жастағы азаматын ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 21,7 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер тәркіленді. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерлерден ішінде салмағы 3,2 грамм болатын осыған ұқсас зат бар екі түйіншек табылды. Сараптама олардың «мефедрон» және α-PvP синтетикалық есірткілері екенін көрсетті.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт Астанадағы аспаздық жұмысын тастап, есірткі сатумен айналысу үшін Петропавлға келген. Тәртіп сақшылары оны қалаға келгеннен кейін 11 күн өткен соң қолға түсірді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz