Облыс тұрғындарының 90 мыңға жуығы сақтандырылмаған

Авторы: Qyzyljar News

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиал директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердиннің айтуынша, биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тұрғындардың барлығына қант диабеті, глаукома, гепатит ауруларын анықтау мақсатында алдын ала скринингтер жүргізілмек. Бұған қоса, онкологиялық ауруларды анықтау үшін профилактикалық тексерістер артып, барлық санаттағы науқастар тексеруден өтеді.

— Биыл жатыр мойны обырына тексеру мақсатында 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66,70 жастағы әйелдердің 90 пайызы онкоскринингпен қамтылмақ. Сондай-ақ сүт безі обырын анықтау үшін өңірде тұратын қыз-келіншектердің 80 пайызытексерістен өтуі шарт. 40 пен 70-ке дейінгі жас аралығы скринигтен өтеді. Ерлерді де онкологиялық ауруларға тексерістен өткізуді жоспарладық, — дейді Талғатбек Тілеубердин.

Маманның айтуынша, биыл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті аясында диспансерлік есепте тұрғандарды емдеуге басымдық берілмек. Бүгіндері Петропавлда ғана 88 мыңнан астам тұрғын тіркеуде тұр.

— Медициналық оңалтуға келер болсақ, өңірде стационарлық және амбулаторлық деңгейлерде ересектер мен балаларға бірнеше емдеу мекемесі медициналық қызмет түрлерін көрсетеді. Ересектерге тәуліктік стационар облыстың 7 денсаулық сақтау ұйымында және балаларға 3 емдеу орнында қарастырылған. Амбулаторлық тұрғыда 18 жастан асқандарға 10 мекеме қызмет көрсетеді. Олардың қатарында мемлекеттік ұйымдармен қатар, жеке клиникалар да бар. Ал балаларға 7 медициналық мекеме өз қызметтерін ұсынады, — дейді филиал басшысының орынбасары.

Жалпы міндетті әлеуметтік медициналық аударымдарды төлеген азаматтарға медициналық қызметтердің көптеген түрі қолжетімді. Олар: емделу, диагностика, медициналық-санитарлық алғашқы көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша кәсіби біліктілігі жоғары мамандарға көріну. Зертханалық аспаптық әдістер арқылы диагностика және емдеудің жоғары технологиялық әдістерін пайдалану, оның ішінде МӘМС аясында стационарда дәрілік препараттармен тегін қамтылу арқылы емделу және медициналық оңалту шарасы да бар.

Филиалдың мәліметінше, қазір өңірде 532 мың тұрғын болса, соның 83,2 пайызы немесе 442 654 адам сақтандырылған, қалған 90 мыңға жуығы сақтандырылмаған екен.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz