Дайындық қызған шақ

Авторы: Qyzyljar News

Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы тарапынан аса жауапты  науқан – көктемгі егіс және күзгі астық бастыру жұмыстарын қаржыландыруға 85,5 миллиард теңге бөлінді. Диқандарға «Кең дала» және «Кең дала – 2» бағдарламалары аясында жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несиелер  берілуде.

Күннің  ерте жылынуына байланысты әр сәтті тиімді пайдалануды мақсат еткен өңір диқандары қарбалас шаққа бір кісідей жұмыла кірісіп кеткен. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Тоққожиновтың айтуынша, тұқым себілетін егістік танаптарына (4,4 млн. гектар) ылғал жабу шаралары толық жүргізілген. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникаларының 97 пайызы дайындық сапында. Оларға 219 машина-трактор шеберханасы сервистік қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін  12 миллиард теңгеге 365 техника сатып алынған.

«Аграрлық несие корпорациясының жергілікті  филиалы 394 тауар өндірушімен келісімшарт жасасты. Жеңілдетілген несие мөлшері 61,1 млрд. теңгеге жуық, –  деді  мекеме директорының орынбасары Арман Салықов.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны облыстық филиалы  директорының орынбасары Наталья Левина ауыл шаруашылығы саласы көбіне  ауа райына тәуелді болғандықтан күнбе-күн  мониторинг жүргізілетінін,  ылғал қоры жеткілікті екенін,  кей күндері ауа температурасы төмендейтінін, дегенмен,  сәуір айының үшінші онкүндігінде  күннің ыситынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz