Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасынан жүлдесіз оралды

Авторы: Qyzyljar News

Кеше Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға 91 елдің спортшылары қатысып, жарыстың 109 түрі бойынша жүлделер сарапқа түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жекелей тоқталсақ, Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы 16 алтын, 8 күміс және 13 қола медаль иеленіп, үздік атанды. Ал екінші орынды 12 алтын, 10 күміс пен 5 қола медаль ұтып алған Германия құрамасы иеленді. Үздік үштік қатарынан Қытай да шет қалмады. Спортшылар 9 алтын, 5 күміс пен 2 қола жүлдеге ие болды.

Өкінішке қарай, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстан командасына жүлде бұйырмады. Ең жоғарғы нәтижені Абзал Әжіғалиев көрсетті. Ол шорт-тректен 500 метр қашықтықта өткен жарыста жеңіске бір табан жақындап, төртінші орын алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін үш қысқы сайыстар кезінде отандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 2010 жылы Елена Хрусталева күміс, 2014 жылы Денис Тен қола, сонымен қатар 2018 жылы Юлия Галышева қола медальға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz