Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігі облыстық департаментінің қызметкерлері жасырын жұмыс істеп келген майнингтік ферманы анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Агенттіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше көкөніс қоймасының бір бөлмесінде криптовалютаны өндіруге арналған 173 арнайы техника табылды.
Олар мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген, салықтан жалтарып, жасырын жұмыс істеп келген.
Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 214 бабы бойынша заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.