Қасым-Жомарт Тоқаев: « Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тілшісіне берген сұқбатында Ресейдің кейбір саясаткерлері айтып жүрген жалаң ұрандарға алаңдауға негіз жоқ екенін қадап айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша бұл кейбір саясаткерлердің «Солтүстік Ресейдің жері» деген пікірі күлкілі екенін атап өтті.

-Расында да, кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылды. Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған Владимир Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген. Ресей Президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсетті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент алдағы уақытта да көрші мемлекеттермен саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беретінімізді атап өтті. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық мүддесі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz