Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген екі ана «Әйелдерді қолдау орталығына» орналастырылды

Авторы: Qyzyljar News

Отбасындағы жанжал мен кикілжіңнің ақыры зорлық-зомбылыққа апарады. Бірақ, көбіне мұндай келеңсіздіктерді сыртқа шығара беремйді. Ақр соңында жағдай ушығып кеткен кезде ғана, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінеді. Осыған байланысты полицейлер үй-үйді аралап, ішкілікке құмар отбасыларды тексеру масқатында рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

5 ақпан күні Аққайың ауданында тәртіпс ақшылары аулаларды аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, ішкілікке салынып, отбасы мүшелеріне жәбір көрсеткен ер адам анықталды. Солтүстікқазақстандық ішімдіктің салдарынан, кәмелетке толмаған екі баласының көзінше жанжал шығара берген, Күйеуінің бұл ерсі қылығына әйелі көз жұма қарап, қысым көріп жүргені туралы ешкімге тіс жармапты. Тәртіп сақшыларымен тілдескеннен кейін барып, қызметкерлердің көмегін қабылдауды жөн санаған. Одан кейін полицейлер нәзікжанды мен оның балаларын «Әйелдерді қолдау орталығына апарды».
Көп ұзамай дәл осыған ұқсас жағдай тағы бір ауылда тіркелді. Жәбір көрген келіншек екі баласымен «Әйелдерді қолдау орталығынан» пана тапты.
Ішімдікке салынған адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz