Петропавлдан Түменге ұшақ қатынайтын болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ресейлік «Utair» компаниясы Түмен мен Петропавл арасында әуе рейсін ашатын болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алғашқы рейс 2 сәуірге жоспарланып отыр. 70 адамдық ATR 72 ұшағы сенбі күндері Түменнен жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09-10 –да шықса, Петропавлдан түскі сағат 12-30-да кері ұшады.
«Utair — Пассажирские авиалинии» компаниясының президенті Олег Семеновтың айтуынша бұл ұшақ экологиялық санаттан, жанармай шығыны аз.

-Халықаралық авиақатынастардың шектеуіне қарамастан шетелге маршруттарды көбейтіп жатырмыз. Түменнен Қазақстанға баратын жолаушылар көп. Алдағы уақытта қажеттілік туындап, сұраныс артса басқа да қалаларға рейс ашуды жоспарлап отырмыз, деді Олег Семенов.

Қазіргі уақытта билеттер сатылымға шықты, оларды utair.ru арқылы сатып алуға болады. Билеттің бастапқы құны 3230 рубль.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz