Петропавлқаласының 11 жастағы кішкентай тұрғыны әжесі сыйлаған жүзікті тағып, қайтадан шеше алмай қалған. Саусағы ісіп кеткен қызға құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, сақинаны 4 минутта балақайдың қолынан кесіп алды. Бұл іспен СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімше бастығы Виктор Держанский айналысты. Тәжірибелі маман бұған дейін 8 сақинаны алған. Мәселен, осыдан 4 күн бұрын ғана 15 жастағы жасөпірімге көметескен еді. Өзінің айтуынша, мұндай жағдайға көбінесе кішкентай балалар тап болады.
-Ақпанның 22-сі күні таңғы сағат 10-ға қарай бөлімге қоңырау келіп түсті. Абырой болғанда, жүзікті тез кесіп алдық. Осы күнге дейін алтын, күміс, болат сақиналарды шештік. Көп жағдайда кішкентай қыздардың қолы ісіп жатады,-дейді Виктор Держанский.
Осы ретте құтқарушы саусақтан жүзікті өз бетінше шешіп алу жағдайды одан әрі ушықтырып, жарақатқа әкелуі мүмкін екенін ескертеді.