СҚО-да «Қыс 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да «Қыс 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындарының бірінші күнінде техникаға тексеріс жүргізіліп, қысқы кезеңдегі ТЖ-да зардап шеккендерді эвакуациялау және құтқару пысықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

24 қараша күні таңертең департаменттің жеке құрамын жинау жарияланды, оның барысында қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығы, әр қызметкердің оларды жою кезіндегі өз міндеттерін білуі тексерілді. Жаттығу штабы ашылып, облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің жұмысы ұйымдастырылды.

Сол күні Петропавлда ПЗТМ зауытының маңындағы алаңда СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің, жол және коммуналдық қызметтердің қар тазалау және жоғары өтімді техникасы сақадай сай тұрды. Аталған іс-шараны өткізу барысында бөлімшелердің келу жеделдігі тексеріліп, олардың жауынгерлік қабілеттілігі бағаланды. Байқауды өткізген СҚО ТЖД бастығы полковник Рамиль Камалов жолдарды тазартуға, қардың салдарынан зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсетуге арналған техника мен жабдықтардың болуына және жарамдылығына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, эвакуациялық іс-шаралар пысықталып, қардың салдарынан бұғатталған автобус жолаушылары аудан орталығының орта мектебінің базасында орналастырылған эвакуациялық пунктке жеткізілді. Олар үшін тіркеуден және алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап тамақтану мен түнеуді ұйымдастыруға дейінгі іс-шаралардың толық кешені қамтамасыз етілді.

Бұнымен қатар, облыстың ауылдық аудандарында шұғыл ден қою жасақтары мен іздестіру-құтқару топтарының байқаулары өткізілді. Осыған ұқсас практикалық іс-шаралар пысықталып, бұл ретте автожолдардағы шартты ТЖ және коммуналдық және энергетикалық желілердегі аварияларды жоюға, зардап шеккендерге көмек көрсетуге баса назар аударылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz