Ресей рублінен соң теңге бағамы да түсіп кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, бүгін түстен кейін доллар 437, евро – 496 теңгені құрады.
Ал айырбастау пункттерінде сағат 14-00-де АҚШ доллары – 440, евро – 495 теңгені маңайлады.
Мамандардың айтуынша, теңгенің құлдыруына сыртқы факторлар әсер етуде. Егер Ұлттық банк интервенция жүргізбесе, алып-сатарлық бел алуы мүмкін.
DAMU Capital Management компаниясының бас директоры Марат Қастаевтың айтуынша, теңге 500-60 теңгеге дейін өсуі мүмкін деген болжам шындыққа жанаспайды.