Петропавлда әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебі ашылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебі ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мектеп жұмысы әйелдердің басқару және бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Осы ретте арнайы тренингтер өтеді. Бүгінде елде саясаттағы қыз-келіншектердің санын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мақсатты жүзеге асыру үшін республикалық деңгейдегі әйелдер күштері альянсы осындай мектептер ашуды жөн көрген.Мұндай мектептер еліміздің барлық өңірлерінде ашылуда. Ал алдағы уақытта аудандарда да өз жұмысын бастамақ. Облыс орталығындағы ұйымға қоғам белсендісі Гүлбақша Мұсабаева жетекшілік етеді.

– Қазіргі уақытта Қазақстанның заңнамасы бойынша әйелдерге жақсы мүмкіндіктер беріліп жатыр. Нәзікжандылардың 30 пайызына саяси партияларда депутат болуға мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент сайлауының алдында біз Солтүстік Қазақстан облысының әйелдер күштері альянсы саясаткер әйелдер клубы мен Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп нәзікжандылардың көшбасшылығын арттыруға бағытталған мектеп ашып жатырмыз. Мектептің негізгі мақсаты – әйелдерді әкімшілік, мемлекеттік, саяси қызметтерде басшылық лауазымдарда көру,- дейді СҚО әйелдер күштері альянсы саясаткер әйелдер клубының жетекшісі Гүлбақша Мұсабаева.

Мектепте 2 деңгей бойынша білім алуға болады. 1-шісі, яғни стандартты пакетке кіретін тренинг 10 сағаттан тұрады. Екінші сатыдағы бағыт – кәсіптілік. Осы деңгейде оқып-тоқығысы келген нәзікжандылардың міндетті түрде жоғары білімі болуы тиіс. Тренингтерді саяси салада білімі бар, тәжірибелі әрі танымал мамандар өткізеді.
Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебіне қатысуға 20-дан астам нәзікжанды ниет білдірген. Олар – іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлер. Тренинг соңында түлектерге «Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебі» курсын сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz