Облыс орталығында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігі өтуде,-деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық лига ойындарының 4-ші кезеңі аясында жергілікті «Қуаныш» клубы екі кездесу өткізді. Алғашқы жарыста солтүстікқазақстандық волейболшылар өскемендік «Алтай» командасымен кездесіп, ұтылып қалды. Матч 3:0 есебімен аяқталды.
Кейін «Қуаныш» командасының ойыншылары «Жетісу» клубымен сынға түсті. Талдықорғандықтар әр ұпай үшін барын салуға тырысты. Алайда осы жолы қызылжарлық қыздар үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Ұлттық лига ойындарының 4-ші кезеңі ақпанның 28-не дейін жалғасады.
Әзірге солтүстікқазақстандықтар турнир кестесінде 46 ұпаймен үшінші орында келеді.