Петропавлдағы қалалық мәдениет үйінің шатыры құлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы қалалық мәдениет үйінің шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

                  screenshot 144 screenshot 145

 

Оқиға кеше кешке сағат 20-10-да орын алған. Төбедегі тірек арқалықтары тозғандықтан, көрермен залының төбесі құлаған. Жалпы бүлінген аумақ 500 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
2021 жылғы маусымда ғимаратты тексеру барысында концерт залының үстіндегі шатырдың апаттық жағдайы туралы техникалық қорытынды берілген болатын. Тиісті сараптама өткізілгеннен кейін, шатырды күрделі жөндеуге былтыр жыл соңында жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласының әкімдігі, СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы мәслихаттың кезекті сессиясына күрделі жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлу туралы өтініш берді.
Бүгінде мәдениет үйінде 27 шығармашылық ұжым, яғни 548 адам жұмыс істейді.
Олар былтырғы маусым айынан бері жалға алған басқа ғимараттарда жұмыс істейді.

screenshot 142

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz