СҚО-да сүт өнімдерін өндіру қуаты артады

Авторы: Qyzyljar News

Соңғы 5 жылда «Маслодел» өңірде табысты дамып, кеңейіп келеді. Сүт өнімдерін шығаратын жаңа зауыт 2017 жылы ашылған болатын. Ал 2021 жылы екінші желі іске қосылып, қосымша 85 жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазір үшінші желіні орнату жұмыстары аяқталуда. Іске қосылған кезде кәсіпорын тәулігіне 750 тоннаға дейін сүт өңдейтін болады. Бұл көрсеткіш СҚО сүт зауытының Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең қуатты кәсіпорынға айналуына мүмкіндік береді. Жаңа желіге қосымша 100 адам жұмысқа алынады. Үшінші желіге 5 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Заманауи Tetra Pak жабдығы орнатылуда. Желтоқсан айында жаңа желі іске қосылады, деді Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, «Маслодел» Петропавлда майды экстракциялау зауытын салуды жалғастырудыа. Әлемдегі жағдайға байланысты логистикалық мәселелерге қарамастан, құрал-жабдықтар жеткізілді, қаржыландыру бар. Жобаға 21 млрд теңге инвестиция салынады. Жаңа зауыт 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады. Кәсіпорын майлы дақылдарды өңдеп, ақуызы жоғары жемшөп қоспаларын өндіретін болады. Жаңа зауыт 2023 жылдың соңында іске қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz