Түркияда күрес түрлерінен «Яшар Догу» турнирі өтіп жатыр. Доданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль еншілеп үлгерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыстың алғашқы күні боз кілемде грек-рим күресінің балуандары бақ сынады. Нәтижесінде, Қазақстанның намысын қорғаған Ернар Фидахметов бірінші орынды иеленді. Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.
Тартысты бәсекеден солтүстікқазақтандық спортшылар да құр алақан қалмады. 55 келі салмақ дәрежесінде күрескен Аманғали Бекболатовқа күміс жүлде бұйырды.
Ал қола медальдарды Ернар Фидахметов мен 67 келіде бақ сынасқан Мейржан Шермаханбет жеңіп алды.