Қарағанды қаласында өткен «Шахтерлар астанасының кубогы» додасында солтүстікқазақстандықтар 41 медаль еншіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ақпанның 26-27 күндері өткен республикалық турнирге еліміздің 15 өңірінен 2300 спортшы қатысты.
Кекушинкай карате республикалық қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Владимир Витченконың айтуынша, қызылжарлық каратешілер алғашқы күннен –ақ жақсы нәтиже көрсетті.
-Шахтерлар астанасының кубогында біздің команда 3-орын алды. Жалпы медальдар санына тоқталсам, 10 алтын, 8 күміс және 23 қола. Жарыстың қожайыны Қарағанды бірінші, Шымкент қаласының командасы екінші орын алды,- деді Владимир Витченко.