Енді қазақстандықтардың барлығы ревакцинацияға Pfizer екпесін салдырта алады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияға Pfizer екпесін қойғызуға болатын азаматтардың қатары кеңейтілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Америкалық препаратты:

  • — бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;
    — түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
    — шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
    — COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алатын барлық топтағы адамдар салдырта алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін шетелдік вакцина тек жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, 60 жастан асқан азаматтарға қол жетімді болатын. Ақпан айының соңында Pfizer-мен 50 жастан асқан адамдарды қайта вакцинациялау болатыны туралы шешім қабылданған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz